Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі апта қамауда: Таиланд үңгіріндегі балалар мен жаттықтырушы құтқарылды

Таиланд құтқарушылары жауынның салдарынан үңгірде қамалып қалған оқушылар мен жаттықтырушыны  қараңғы қапастан аман-есен құтқарып шығарды.

Екі апта қамауда: Таиланд үңгіріндегі балалар мен жаттықтырушы құтқарылды

Бұл туралы Spring News арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін үңгірге қамалып қалған 12 оқушының 11-і ғана құтқарылған болса, бүгін соңғы бала мен олардың жаттықтырушы аман-есен құтқарылып, далалық ауруханаға жіберілді.

Таиланд құтқарушылар тобы үңгірдегі жасөспірім мен жаттықтырушыны жергілікті уақыт бойынша 17: 43-де шығарып алды.

Құтқарушылар үңгірдегі балаларды эвакуациялау кезінде оларды арнайы кодпен атап шығарған. Мектеп оқушылары оқитын мектептің атауы «Орман қабандары академиясы» болған соң және олардың футбол командасы да осылай аталғандықтан құтқарушылар оларды “орман қабаны – 1”, “орман қабаны – 2” секілді нөмірлермен атап, қауіпсіз жерге шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Кхао Луангқа экскурсияға барған мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушысы із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Сол күні жаңбыр қатты жауғандықтан олар үңгірге кірген. Алайда, толассыз жауған жаңбыр үңгірден шығар жолды бекітіп тастағандықтан, оқушылар мен жаттықтырушы ол жерден шыға алмай, қамалып қалды. Үңгірдегі балалардың бірі 8 шілдеде құтқарылса, ең соңғы 12-ші оқушы мен олардың жаттықтырушысы бүгін құтқарылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау