Екі адамның денесін бөлшектеп тастаған Қостанай тұрғыны жазаланбайтын болды
Бүгін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Сергей Поляничкоға қатысты сот өтті.
Ол екі тұрғынның денесін бөлшектегені үшін айыпталуда, деп хабарлайды alau.kz.
Заңға сәйкес айыпталушы қылмыстық жазадан босатылды. Ол психиатрлық стационарда емделуге жіберілді.
2017 жылдың 14 қаңтары күні екі адамның өліміне күдікті 26 жастағы Қостанай тұрғыны ұсталған еді. Күдікті мерт болған жігіттің бірінің денесі бөлшектегенін мойындаған.
Сараптама қорытындысы бойынша айыпталушының психикалық тұрғыда ауыратыны анықталды. Алайда жәбірленушілер сараптама қорытындысымен келіскен жоқ.
Айыпталушы жауап алу кезінде құрбандарының басынан мүйіз көргені айтқан.
Тағы да оқыңыз:
Еліміздің бірнеше облысына дабылды ескерту жарияланды
Бір топ адам әйелдің киімін киген жігітті соққыға жықты (видео)
Алматыда кондуктор жігіт үйленіп автобустармен той кортежін жасады (видео)

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
