Егіздердің бірі екіншісі туған соң 3 айдан кейін өмірге келді
Германияның Кельн қаласында егіздер екі түрлі уақытта өмірге келді. Арада 97 күн өткенде егіздің сыңары туды.

Оксана есімді әйелден жүктіліктің алты айлығы кезінде су кетіп, шұғыл босанып қалды. Лиана есімді қыз бала өмірге келді. Салмағы 900 грамм болып туды. Дәрігерлер екінші баланы тудырған жоқ. Егіздің сыңары үш айдан соң өз уақытында өмірге келді.
"Біз екінші баланың толық жетілгенін қаладық. Леони есімді егіздің сыңары 22 ақпанда өмірге келді", - деді дәрігер.
Алғашқы апталарда анасы қызымен перзентханада жатты. Осыдан кейін науқасты үйіне шығарды.
Егіздер әлемдік рекорд жасады. Бұған дейін Ирландияда егіздер бірінен соң бірі араға 87 күн салып өмірге келген еді.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған