Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан екі дүркін олимпиада чемпионы педофил деп айыпталды

Дзюдодан екі дүркін олимпиада чемпионы австриялық Петер Зайзенбахер педофилия бойынша айыпталып, Киевтегі пәтерінде ұсталды.

28_main

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Вена қылмыстық сотының 2016 жылдың желтоқсанында шығарған ордер бойынша құзырлы органдар іздеу шараларын жүргізіп, 1 тамыз күні айыпталушы Петер Зайзенбахер Киевтегі өз үйінде ұсталды”, – деп хабарлады Вена сотының өкілі Кристин Зальцборн.

Қазіргі кезде айыпталушыны Австрияға жеткізу бойынша Украина билігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Спортшы 1990 жылдардың соңы 2000 жылдардың бас кезінде өзі жаттықтырған өзінен 14 жас кіші қызды зорлады деп айыпталуда. Зайзенбахердің кінәсі дәлелденетін болса, онда ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ол 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша, 1984 жылы Лос-Анджелес және 1988 жылы Сеул олимпиадасында жеңіске жеткен. 2015 жылдан бастап дзюдодан Әзербайжан құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Оның жаттықтыруымен бұл елдің құрамасы Рио олимпиадасында екі күміске қол жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Головкин: Альварес қорқуды білмейтін жауынгер

“Барселона” шабуылшысы Неймар алаңда төбелес шығарды (видео)

Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Талқылау