Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Джулиі бар адамдар қартайып кетеді”: Жұбайымен әзілдескен Қайрат Нұртас жұртты күлдірді (видео)

Қайрат Нұртас та әріптестері ұқсап доңыз жылын демалыстан бастады. Хитмен жұбайы мен ата-анасын ертіп, Түркияның әсем шаһары Стамбұлға кетті. Бір қызығы, Айдарбековтер отбасы Қайраттың тұңғышы Сезімнің туған күні қарсаңында шетел асып кеткен, ал балалар елде қалған, деп жазады Stan.kz.

"Джулиі бар адамдар қартайып кетеді": Жұбайымен әзілдескен Қайрат Нұртас жұртты күлдірді (видео)

Сол сияқты күні кеше Қайраттың бөлесі, қобызшы Ақерке Тәжібаева тұңғыш қызының тұсауын кестіріп, той жасады. Шетелде жүрген Айдарбековтер аталған тойға келе алмады. Гүлзира Айдарбекова ізінен ерген сіңлісінен кешірім сұрап, оған әлеуметтік желіде пост арнады.

Ал Қайрат Нұртастың өзі парақшасында жұбайымен әзілдескен видео жариялап, елді күлкіге қарық қылды.
“Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды” деп әндеткен хитменнен әкесі: – Ал әкесі ше? – деп сұрайды. Оған Қайрат қалжыңдап:

“Әкесі де. Бірақ алтын қарап тұрған Джулиі бар адамдар қартайып кетеді”, – деп жауап қатты.

Желі қолданушылары Қайраттың бұл әрекетіне қатысты түрлі пікірлерін білдіріп жатты.

“Күшті әзілдейді”, “Қандай жарасымды барлығы, көз тимесін”, “Сіз қартаймайсыз-ау, ағасы”, “Қалжыңбас”, – деп жазды олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

@zhuldyzabdukarimovaofficial @aidarbekov_nurtas @gulziraaidarbekova

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау