Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депп ең қымбат актер атағын ақтай алмағандар тізімінде көш бастап тұр

Forbes журналының мәліметінше, Инвесторлар Депп үшін төленген қаражаттың тек 1,2 долларын ғана алған. Депп сомдаған «Мордекай» комедиясы прокатта нәтиже көрсетпеді. Фильмнің түсуіне 1,2 доллар жұмсалса, кино табысы тек 47,4 миллион доллар болған.

image21399

Forbes журналының мәліметінше, Джонни Депп 2015 жылдың ең қымбат актеры атағын ақтай алмаған. Тізімге маусым айына дейін шыққан үш фильмнің басты рөлді сомдаушылары кірді.

Депп сомдаған «Мордекай» комедиясы прокатта нәтиже көрсетпеді. Фильмнің түсуіне 1,2 доллар жұмсалса, кино табысы тек 47,4 миллион доллар болған.

Ал оның қатысуындағы 2014 жылы түсірілген ғылыми-фантастикалық “Превосходство” фильмі шығынын әрең жапқан екен.

Екінші орында Дензел Вашингтон тұр. Инвесторларға актерға төленген қаржының 6,5 доллары ғана тиесілі болған.

2009-2010 жылы осы тізімде бірінші болған Уилл Феррелл бұл жолы үшінші орында. Ол инвесторларға 6,8 доллар түсірген. Актер “Телеведущий 2: и снова здравствуйте” және “Грязная кампания за честные выборы” фильмдеріне түскен.

Ол төртінші орында тұрған Лиам Нисоннан озып кетті. Оның “Заложница 3″фильмі “Ночной беглец” фильмінің шығынын өтеген еді. Forbes журналының мәліметінше, фильді түсіруге 50 миллион доллар жұмсалған. Ал, табысы – 71,6 миллионды құрады.

2015 жылдың ең қымбат актер атағын ақтай алмаған актерлар тізімі

  1. Джонни Депп – $1,20
  2. Дензел Вашингтон – $6,50
  3. Уилл Феррелл – $6,80
  4. Лиам Нисон – $7,80
  5. Уилл Смит – $8,60
  6. Кристиан Бейл – $9,20
  7. Ченнинг Тейтум – $10,80
  8. Брэд Питт – $12
  9. Бен Аффлек – $12,30
  10. Том Круз – $13,60

2015 жылы айтарлықтай табыс әкелген актерлар тізімі

  1. Крис Эванс – $181,80
  2. Мила Кунис – $87,30
  3. Скарлетт Йоханссон – $84,90
  4. Гвинет Пэлтроу – $82,90
  5. Эмма Стоун – $54
  6. Крис Хемсворт – $42,10
  7. Вин Дизель – $ 40,30
  8. Дженнифер Лоуренс – 39,10
  9. Марк Уолберг – $37,90
  10. Дуэйн Джонсон – $ 28,10

Крис Эванс 2015 жылдың ең табысты актерлер тізімінде көш бастап тұр. Оған жұсмалған әр доллар 181,8 доллар табыс әкелген.

Скарлетт Йоханссон инвесторлары да көп табысқа ие болған.

Бұл тізімдер қалай жасалды?

Тізімге осы жылдың маусым айына дейін шыққан үш фильмнің басты рөлді сомдаушылары кірді. Және жанама рольдегі актерлар және 2000-нан аз кинотеатрларда көрсетілген фильмдер енген жоқ.

Forbes журналының қызметкерлері фильмнен түскен жалпы кірістен шығын мөлшерін азайтып, оны актердың қаламақысына бөледі. сөйтіп, кіріс мөлшерін есептеп шығарады.

Крис Эванстан кейін тізімді Мила Кунис, Скарлетт Йоханссон, Гвинет Пэлтроу и Эмма Стоун жалғастырады.

 

Талқылау