Джеки Чан “Оскар” сыйлығын алады
Бүкіл әлемге танымал актер, режиссер және продюсер Джеки Чан кино саласындағы ең үздік “Оскар” сыйлығын иеленді.
Фото: kino-nik.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
“Танымал қытайлық кино әртісі әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан кинематография саласындағы ерен еңбегі үшін “Оскар” сыйлығын алады” делінген америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мәлімдемесінде.
Марапаттау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте өтеді. Гонконг тумасымен қатар ескерткіш сыйлықпен деректі фильм шебері Фредерик Уайзман, монтаждаушы Энн Коутс пен әртістерді іріктеу режиссері Линн Сталмастер де марапатталады екен.
Джеки Чан 100-ден астам фильмнің басты рөлін сомдаған. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және күлдіргі бейнесімен көпшілікке танымал.
Оқи отырыңыз:
Лондонда Джеки Чан қатысқан фильм түсірілімінде автобус жарылды
Талқылау