Джанет Джексон ел алдында Қазақстанға деген махаббатын жеткізді (видео)
Лос-Анжелесте тұратын Қазақстанның жас әртісі Софи Манасян әнші Джанет Джексонмен бірге түскен видеосын жариялады.

Фото: instagram.com/sofimanassyan
Қысқа видеода Джанет Джексон Қазақстанды жақсы көретінін айтты.
“Мен Қазақстанды жақсы көрем”, – деді әнші.
“Сіздің Джанет Джексонның не айтқанын естідіңіздер ме?”, – деп жазады Софи Манасян Instagram парақшасында видеоны жүктей отырып.
Алматылық 10 жасар Софи Манасян халықаралық би байқауына қатысып танымал болды. Ол “Минута славы” австриялық шоуына да қатысты. Қазір отбасымен Лос-Анжелесте тұрады.
Бұған дейін Софидің балалар мен жеткіншектерге арналған Nickelodeon телеарнасындағы рейтингі жоғары бағдарламаға түсіп жатқаны хабарланған болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн