Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джах Калиб пен Ғалымжан Молданазар дуэт жаздырмақ

Қазақстандық танымал рэпер Джах Калиб біраз уақыттан бері Молданазар тобының шығармашылығын бақылап жүр екен. Ғалымжанның өнерін жоғары бағалайтын Калиб енді онымен дуэт жаздыруға ниетті.

Джах Калиб пен Ғалымжан Молданазар дуэт жаздырмақ

Бұл туралы НТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Ғалымжанның әндерін ерекше жақсы көремін. Молданазар – ол біздің музыкадағы жаңаша леп. Ол – барлығы бірдей ұната алатын музыка. Тағы бір айта кететін нәрсе, Ресейде біз Ғалымжанның әндерін жиі қоямыз. Ол жақтағылар әннің мағынасын түсінбесе де, ұнатады”, – дейді Джах Калиб.

Алайда Ғалымжанның Иван Дорнмен жаздырған дуэті Джах Калибке аса ұнамаған.

“Онша емес. Маған Иван Дорнмен бірлесіп жазған жұмысы ұнамады. Ол музыканың Ғалымжанға қатысы жоқ, бірден білініп тұр. Онда негізінен Иван Дорн процессті бақылауына алған ұқсайды. Бұл Ғалымжан Молданазардың қатысуымен жазылған Иван Дорнның жеке әні”, – дейді Калиб.

Бұл орайда рэпер жанкүйерлеріне жағымды жаңалықты жеткізуге асықты.

“Бірақ біз Ғалым екеуміз міндетті түрде ән жазамыз. Оны бұрыннан бері жоспарлап жүрміз. Құпияның шетін ашайын. Ғалымжан екеуміз ән жаздырып, нағыз шығармашылық коллабтың не екенін көрсеткіміз келеді”, – дейді рэпер.

Тағы оқыңыз: 

10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды (фото)

Хайп жасадық: Арман мен Аша 3 жыл бойы елден не жасырған

52 жасқа толған Шахизадаға ұлы үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат берді (фото, видео)

Қайрат Нұртас отбасымен бірге киелі Ахмет Яссауи кесенесінде болып қайтты (фото)

Талқылау