Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы әуеде жоғалып кетті

Lion Air әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Джакартадан ұшып шыққан.

Straits Times газетінің мәліметінше, ұшақ ұшып шыққан соң 10 минуттан кейін әуеде жоғалып кетті. Boeing 737 ұшағы Джакартадан Панкалпинанг қаласына сағат таңғы 6.20-да ұшып, 6.33-те жоғалып кетті.

Ұшақ Ява теңізінің көгінде байланыстан үзілген. Алдын ала болжам бойынша, байланысқы шықпай қалған ұшақ Индонезияның Ява аралына құлап кеткен.

Ұшақ бөлшектері Ява жағалауының батысынан табылды деген ақпарат бар. Кей мәліметтерге сүйенсек, бортта 189 жолаушы болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау