Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Душанбе әуежайы басшысы президент тікұшағын шығарып салу барысында қаза тапты

Душанбедегі Хорог әуежайының басшысы президенттік тікұшақты шығарып салу барысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты.

1023316271

Бұл туралы Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

Жазатайым оқиға сәрсенбі 13 тамызда болған. Алпыс жастағы Дилдор Максудшоев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды шығарып салған. Әуежай басшысы әуеге көтеріле бастаған тікұшаққа жақын жерде тұрыпты.

Зыр айналған қалақшалардан туындаған жел екпіні Максудшоев тұрған кілемді жақын маңда жатқан үлкен тасқа бір-ақ ұшырған.

Әуежай басшысы алған жарақатынан ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырды.

Болған жайт жазатайым оқиға деп бағаланды.

Оқи отырыңыз:

Түркия президентінің әйелі қарапайым қазақ әжейдің қолын сүйіп, құрмет көрсетті

Тәжік университеті жақсы оқитын студенттердің үйлену тойын өткізіп береді

101 жастағы педофил өзі зорлаған әйелге 32 мың доллар төлейтін болды

Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды

Талқылау