Дүкенді тонамақ болған жасөспірім терезеге қысылып қалды
Қырғызстанда азық-түлік дүкенін тонамақ болған жасөспірім ұсталды. Ол дүкеннен терезе арқылы шықпақ болған кезде қысылып қалған.

Оқиға Сокулук ауданы Новопавловка аулында орын алған. жасөспірім ауылдағы азық-түлік дүкендерінің бірін тонамақ болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Шу аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер басқармасының мәліметінше, дене бітіміне мән бермеген жасөспірім дүкеннің кішкентай терезесіне қысылып қалған. Сол жерде оны милицонерлер байқап қалыпты.
Оқиғаға қатысты 15 және 16 жастағы екі күдікті ұсталды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 39-200-бабы (Ұрлауға оқталу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі өндіріс басталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"