Дубайда Қазақстан азаматшасы қаза болды
Дубайда Наргиз Тасибаеваесімді қазақстандық азаматша жол апатынан көз жұмды.

ҚР Сыртқы істер министрлінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 23 маусым күні жол апатынан 1983 жылы туған әйел мерт болды. Марқұм әйел Дубайда шаштаразшы болып жұмыс істеп келген.
“Марқұм әйел Қазақстан азаматшасы, туыстары Өзбекстанда тұрады. Мәйіт жақын күндері елге жеткізіледі”, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"