Дуа қайтарушылардың өздері дуа жасайтындар ма?

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 14:02

Қазір қара магиямен айналысатындардың жарнамаларынан аяқ алып жүре алмайсыз. Тіпті олардың еркінсігені сонша, түрлі сайттар мен телеарнаның жүгірпе жолдарына дейін жаулап алған. Күнделікті көз алдымызда өздерін жарнамалап, «клиент» шақырып жатқан балгерлер мен сиқыршыларға тәйт дейтін адам тағы жоқ.

0a29d0ef57ced3a7c1d1ed4eda5e2ff6_L

Бұл туралы Корреспондент хабарлайды.

Жергілікті телеарналардың қайсыбірін қосып қалсаң да, «Дуаны қайтарамын», «қасида дуа оқимын», «үйіңді жағымсыз энергиядан тазалап беремін», «көлігіңді оқып беремін» дейтін жарнамалардан көз сүрінеді. Дуаның бетін қайтаратындарға ақшаны молырақ берсең, басқа біреуді дуалап жіберуден де тайынбасы анық. Егер шынымен біреу дуаланған болса, демек, оны осы жарнамалардың артында тұрғандар істеуі де мүмкін ғой?

Балшы-балгерлердің құрығына көбіне басына іс түскен, қиындыққа тап болғандар түседі. Ал екінің бірі несие алып, қыржылық дағдарыстың қыспағында қалған бүгінгідей заманда сиқыршыларға жем болып жүргендер аз емес. Рас, «жаманның сандырағы келеді» дегендей, олардың да кейбір болжамдары дөп келіп жатады. Күні бойы адам күзетіп, әбден әккі болып алғандары кісінің көңіл-күйін алыстан таниды. Өтіп бара жатқан адамның бетіне не жүрісіне қарап-ақ қандай сезімде екенін біле қойып, көңілсіз болса «өлім, ауру, шығын күтіп тұр», көңілді болса «табыс күтіп тұр» деу онша қиын да болмаса керек. Бұл жерде оларды табиғаттан магиялық қасиет дарыған, нәзік психологтар деу артық болар. Ең бастысы – тәжірибелілігі. Мұндайлар «көріпкелдікпен» шұғылданғанына бірнеше жыл болса, «психолог» болып шыға келмегенде қайтеді.

Маман нейропсихологтар сығандардың жұртқа көзін де, сөзін де оқша тигізе алатындығын айтады. «Егер сені сыған шақырса не тоқтатқысы келсе, дұрысы қастарына тоқтаушы да, артыңа қараушы да болма. Қорыққаныңды білдірмей, тез-тез басып өтіп кет. Тегін пал ашып беремін деп алдауы мүмкін. Тіл қатпа. Егер қоршап-қаумалап, жолыңды кес-кестеп жібермесе, жаман сөз айтушы, не ұрушы болма. Ызаландырма. Артыңнан қарғыс-дуа жіберсе, энергетикалық соққы аласың. Олар кімге тиісуді жақсы біледі. Ерік-жігері күшті адамдарға жоламайды. Сығандармен бетпе-бет келіп қалсаң, жағымсыз энергиядан арылу үшін дереу салқын душ қабылдау керек» деп зерттеуші-оқымыстылар ақыл-кеңес береді.

Қара базар маңын қаптап жүретін қайыршылардың бәрін бірдей қара магияның адамдары деуге болмас, дегенмен арасында арам ниеттілері де көп. Таяуда бір келіншек ойламаған жерден алданып қалғанын айтты. «Жол жиегінде бал ашып отырған екі сыған әйел мені көргеннен жолыма кес-кестеп тұра қалды, – дейді ол – «Ой, қырсық шалып, жолың болмай жүр екен! Басыңда дуа бар!» деген олар сенбесең тексеріп көруіне болатынын айтты. Қолындағы инені көрсетіп: «Мына инені саусағыңа сұқ. Егер ұшы қарайып кетсе, сенде жаман дуа бар болғаны» деді. Шынында да иненің ұшы қарайып шыға келді. Бойымды қорқыныш билеп, енді олардан көмек сұрадым. Сонымен не керек, айналдырған бірер сағатта әмияндағы азын-аулақ ақшамнан, құлағымдағы алтын сырғамнан айырылып шыға келдім. Сөйтсем, олар сиқырмен көз байлайды екен».

Сиқыршылық пен көріпкелдік, сәуегейлік бүгінде АҚШ пен Англия, Қытай, Жапония, Филиппин елдерінде «метафизикалық медицина» ретінде қарастырыла бастады. Дәл бүгін қанша жерден сауатты, білімді болғанымен, жер бетіндегі адамдардың тең жартысы, басым көпшілігі әйелдер, көріпкелдер мен сәуегейлердің көмегіне жүгінеді екен. Түріктердің «Балға сенбе, бірақ балсыз жүрме» деген сөзі осындайда еріксіз еске түседі. Қасиетті Құранның айтуынша, кәпір жындар көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасап, алған мәліметтерін тәуіп, бақсы-балгерлерге өтірік қосып құлақтарына сыбырлайды. Жындардың көріпкел, балшыларға жеткізген кейбір хабар-ошарлары кей жағдайда дәл келіп те жатады. Бірақ солай екен деп, экстрасенске бал аштырып, болашақты білуге әрекеттену ислам діні бойынша үлкен күнә болып есептеледі.

Әһл-и сүннет сенімі бойынша сиқырдың бар екендігі рас. Имам Бұхари мен имам Мүсілімнің сахих хадис топтамаларында пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) де дұшпандарының сиқыр жасамақ болғаны айтылады. Тіпті дуалаушылардың көздеген арам пиғылы бос кетпей, аздап та болса Пайғамбарымызға сиқыр әсер еткен. Бірақ Құдайдың көмегімен артынша дуаның беті қайтқан. Белгілі бір хикметке сай Алла Тағаланың рұқсат етуімен орын алған бұл оқиғадан шығатын қорытынды, сиқырдың растығы. Құранда да Харут пен Марут атты екі періштенің адамдарға сиқыр үйретумен айналысқандығы айтылған.

Бүгінгі ғылым мен техника жан-жақты дамыған заманда физикалық әлемге сырттай ықпал ететін басқа да көзге көрінбейтін күштер туралы айтыла бастады. Соның бірі қазіргі әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартып отырған – парапсихология саласы. Парапсихология қалыпты табиғат заңдары бойынша түсіндіруге келмейтін оқиғаларды, яғни тылсым дүниелердің жаратылысқа әсерін зерттейді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі тілге тиек етіп жүрген медиумдар мәселесіне келсек, бұл жындардың әрекеті болуы мүмкін. Өйткені жындар әлемі – біз үшін жұмбақ. Бірақ, қалай айтқанда да, сиқырдың бар екендігі және оның тылсым күш екендігі – ақиқат. Енді одан қалай қорғану керек дегенге келетін болсақ, ол адамның сеніміне байланысты екен. Кейінгі кездері адамдар арасындағы рухани тоқыраудың әсерімен не болса соны сиқырға балап, илану көбейіп барады. Ерлі-зайыптылардың сөзге келіп қалуы, еркектің белсіздігі, сәтсіздіктен көз ашпау, жас келіннің бала көтере алмауы секілді үлкенді-кішілі келеңсіз жайттардың барлығын сиқырдан көретін болдық. Ал байыптап қарайтын болсақ, бұлардың кейбірі талапсыздықтан туындаса, енді біреулері денсаулықтың кінәратынан туындайды.

Психологтардың пайымдауынша, ә дегеннен «маған дуа жасалды» деп илану адамның жеңіліске даяр тұратын жігерсіздігін көрсетеді екен. Бұндай адамдар рухтың күрескерлік күшін қолдана алмайды. Қайта үмітсіздікке салынып, рухты жасытады. Мұндай жағдайда ең дұрысы – рухани сілкініп, Алламен қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу. Сонда ғана рух қайраттанып, тәнді басқаратын дәрежеге жетеді.

Дуалаудың бар екендігі – ақиқат, алайда барлық нәрсені дуаға сілтей берген де дұрыс емес. Бұлай етудің соңы Аллаға ортақ қосу секілді кешірілмейтін үлкен күнәға дейін апарады. Жоғарыда берілген оқиғалардың астарында дуалау кездессе де, одан құтылудың жолы әсте көріпкел-емшілерге жүгіну емес. Пайғамбарымыз хазрет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне сырттай дуа жасалғанын сезген сәтте, (сахабалардың айтуынша, Алла елшісінің бойынан сол кезде дуаның кейбір белгілері көрінген), «муаууизатайн» деп аталатын «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерін оқып, Аллаға сыйынған. Осы сүрелерді оқыған сайын сиқырдың әсері азайып, тынысы кеңейе бастаған. Ендеше кімде-кім жаңағыдай жағдайға душар болса, біз сөз еткен сүрелерді оқып, дұға жасағаны жөн. Яғни, бұл орайда Аллаға сыйынғаннан артық амал жоқ. Алайда сиқырға арбалған адам қажетті дұғаларды оқи отырып, өзінің құлан-таза айығып кететіндігіне шын көңілден сенуі керек. Егер жүрегіндегі иманы көмескі әрі Алланың шипалық құдіретіне деген сенімі әлсіз болса, онда жасаған әрекетіміз нәтиже бермеуі де мүмкін. Сол үшін ықыласты күшейту керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ұзынағашта өлтірілген ағайындылардың артында 9 бала жетім қалды

Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

Қостанайда мысығын құтқармақ болған 6 жасар бала көлік астында қалып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар