Досым Сәтбаев: Бұрынғы ауыр салмақтылардың дәуірі аяқтала бастады
Саясаттанушы Досым Сәтбаев ел билігіндегі ауыс-түйіске қатысты ойын айтты. Оның ойынша, бұрынғы ауыр салмақтылардың дәуірі аяқтала бастады.
“Әділбек Жасыбековтың, Нұртай Әбіқаев қызметінен кетуі, бірнеше жыл бұрынғы В.Нидің өлімі бұрынғы ауыр салматылардың дәуірі аяқталғанын білдіреді. Элитаның демографиялық ауысатын күні алыс емес. Айдаһарларды homo burocraticus-тің жаңа түрі алмастырмақ. Номенклатуралық эволюция елге кесірін тигізбесе екен дейміз. Әйтпесе, айдаһарлар кезінде аз отын бүлінген жоқ. Билік пен ақшаға тойғандарды билік пен ақшаны сүйетін ашкөзділер ауыстыру мүмкін. Егер солар да қалған отынды құртатын болса, үлкен от тұтанады”, – деп жазады саясаттанушы желідегі парақшасында.
Бұған дейін Әділбек Жақсыбектің Әділбек Жақсыбековтің Президент әкімшілігінің басшылығынан кеткенін хабарлаған едік. Оның орнына президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев келді. Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.