Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Дос-Мұқасан» тобы құрылғанына 50 жыл толуын сүйікті тыңдармандарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Қазақтың музыка өнеріне өшпес із қалдырған әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының құрылғанына биыл 50 жыл толып отыр. Жарты ғасырға жуық ғұмыры бар әйгілі ансамбіл алатаудың баурайында мерейтойын атап өтті.

Зәулім сарайды тыңдарманға толтырған ұжымның концертін Stan.kz тілшісі де тамашалап қайтқан болатын.

Олай болса, аталмыш кештегі эксклюзивті материалды назарларыңызға ұсынамыз!

Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін бой көрсеткен концерттік бағдарламаға, «Дос-Мұқасан» ұжымының тыңдарман арасында кеңінен таралған туындылары топтастырылған.

Ансамбіл репертуарындағы «Қайдасың», «Алматы түні», «Той жыры» әндерін тыңдаған топ фанаттары музыка мерекесінен көңілді шыққанымен, оларды көкейінде мазалаған бір сауал бар. Яғни, құлақ құрышын қандырған кеш көзді ашып-жұмғанша өте шықса керек…

«Егер тағы да болса таңға дейін тыңдайтын едік. Концерт 2 сағатқа созылғанымен, көзді ашып жұмғанша өте шықты», – дейді аталмыш ансамбілдің тыңдарманы Шыныбек Шалқарұлы.

«Концерт аздау болды. Тағы екі сағат отырып демалсақ тіпті жақсы болар еді», – дейді әйгілі ұжымның Гүлзира Файзуллаева атты фанаты.

«Аздау болды! Тез бітті. Жақсы болған концерт тез бітеді. Бізге де тез бітіп қалған сияқты болды», – дейді Гүлсім Құмарбекова есімді көрермен.

Ал, аталмыш кештің өтуіне белсенділік танытқан танымалдардың тізімінде Нұрлан Абдуллин де бар. Өнер иесі, 2 сағаттық концерттен ерекше әсер алғанын айтады.

«Концерттің ең мықтылыға осында. Егерде аз деп ойлап қалса, ол концерттің керемет өткені. Кейде болады ғой, концертте отырып қашан бітеді, созылып кетті ғой мына концерт деп. Сондықтан, бүгін үлкен кісілерге де, жастарға да керемет кеш болды деп ойлаймын» – дейді мерейтойлық кеште жүргізушіліктің тізгінін ұстаған Нұрлан Абдуллин.

Бұл кешке келген көрермендердің қатарында әйгілі ұжымның экс-мүшелерін де көзіміз шалып қалды. Олар Досым Сүлеев, Нұртас Құсайынов, Мейірбек Молдабеков. Алайда, 50 жыл бойы береке-бірлігі жарасқан ұжымның бар құпиясын Ақжол Мейірбеков ашты.

«Біз ежелден келе жатқан достармыз. Біздің бір-бірімізге деген мейірімділігімізге, жанұяларымыздың бір-бірімен араласуы, оның барлығы өнерге деген махабббат деп түсінген дұрыс. Иә, концерт тез өтіп кеткен сияқты. Бірақ, барлық әндерді айту қиынырақ болғанымен, көрерменнің қошеметі бізді ерекше әсерге бөледі», – дейді «Дос-Мұқасан» ансамбілінің мүшесі Ақжол Мейірбеков.

Айта кетейк, аты аңызға айналған вокалды-инструменталды ансамбілдің 1967 жылдың 1 тамызында іргетасы қаланған.  Ал, 50 жылдық мерейтойын дүркіретін атап өткен «Дос-Мұқасандықтар» дәл осы концерттік бағдарламамен еліміздің барлық аймағында концерттік турне жасауды жоспарлап отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Заңгер: Бізде тергеушілер бірден педофилдерді қорғап, барлығына зорланған қызды кінәлайды (видео)

Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым

80 жастағы ана: Қой бағып жүріп баламды өзім босанып, кіндігін де өзім кестім

 

 

Талқылау