Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Қазақстанда ағза ауыстыруға зәру 3500-ға жуық адам кезекте тұр. Қорқынышты статистика! Алайда осы науқастардың үштен бір бөлігі өз кезегіне жете алмай қалуы мүмкін. Ағзаға зәру адамдар қатары артып келеді, алайда донорлар жетіспейді.

сердце донора спасло жизнь

«Еуразия» арнасына донордың көмегімен ауруынан сауығып кеткен азаматтың ұлы хабарласты. Бір ай бұрын оның әкесіне жүрек ауыстыру операциясы жасалыпты. Бүгінде бүтін бір отбасының қуанышында шек жоқ. Себебі үй иесі аман-сау, денсаулығы да жақсарып келеді.

Қанат Нәбиев 2015 жылдан бері жүрек ауруымен ауырған. Содан бері ол бірнеше операцияны бастан өткерген. Соңғы бірнеше ай бойы ауруханада жатқан ол өздігінен тұра алмайтындай жағдайға жеткен. Оның жүрегінің зақымданғаны соншалық, тек жаңа ағза арқылы ол өмірін сақтап қала алар еді.

«Ол уақытта бізде қажетті донор болмады. Сондықтан ағзаға қосымша құрылғы қоюға шешім шығардық. Бұл жүрекке бірден екі механикалық құрылғы қойған алғашқы кезіміз», – дейді ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың дәрігер-кардиологы Салтанат Жетібаева.

Ол құрылғы Қанат Нәбиевтің өмірін небәрі бірнеше айға ұзарта алар еді. Ал трансплантацияға қажетті ағза аз уақыт қалған кезде табылған. Ол кезде үмітіміз сөнгендей еді дейді азаматтың жақындары. Қазіргі уақытта Қанат Нәбиевтің жағдайы жақсы. Ол өздігінен отырып, ас ішіп, тіпті, жүре алады.

«Ол кісіге өте дән ризамын. Өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге де алғысым шексіз. Юрий Пя маған екінші өмір сыйлады», – дейді Қанат Нәбиев.

Юрий Пя Қазақстанда жүрек ауыстыру операциясын алғаш жасаған кардиохирург болып табылады.

«Ағза ауыстырумен айналысатын дәрігерлер донор табу жұмысына қатыспайды. Бұл – негізгі ережелердің бірі. Донордың табылғанын хабарлайтын арнайы бюро бар. Олар бізге хабар бергеннен кейін, біз донордың кімге көмектесе алатынын анықтаймыз», – дейді Юрий Пя.

Жіберіп алмаңыз:

Баланы екі жасқа дейін емізудің қандай пайдасы бар

Министрлік Талдықорған балабақшасында көз жұмған бүлдіршінге қатысты мәлімдеме жасады

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Суды тамаққа дейін және тамақтан кейін ішудің зияны бар ма?

Талқылау