Басты жаңалықтар
Дональд Трамп Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды
Азия елдеріне ат басын бұрған АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшылығын бір үстел басында отырып, келіссөз жүргізуге шақырды.
Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.
Ақ үй басшысы мұндай мәлімдемені Оңтүстік Кореяда өткізген баспасөз конференциясында айтты. Президент бітімге келудің тек Пхеньян үшін емес, жалпы адамзат атаулыға маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізу уақытты бос өткізумен тең деген болатын. Бірақ әлемдік басылымдар оның өз ұстанымын өзгерткенін хабарлады. Жалпы Ақ үй басшысы осы сапарында Азиядағы бес мемлекетке барады деп жоспарланған.
“Мен жер бетінде ядролық қару қолданылмаса екен деп тілеумен келемін және одан үмітім зор. Адамзат баласының болашағы үшін Солтүстік Кореямен бейбіт мәмілеге келуіміз керек. Әрі бұл тұрғыда жағымды үдерістер болады деп сенемін”, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Жіберіп алмаңыз:
Германия құжаттарында “үшінші жыныс” тобы пайда болмақ
Атамбаев шегараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді
Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)
Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған