Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді
АҚШ президенті Дональд Трамп 13 мамырда Ақ үйде ауызашар берді.

13 мамыр күні Дональд Трамп Ақ үйде мұслман қауымға ауызашар жасады.
"Рамазан - бұл АҚШ мұсылмандары мен әлем мұсылмандары үшін қасиетті ай", - деді АҚШ президенті ауызашар кезінде.
Трамп екінші жыл қатарынан Ақ үйде ауызашар жасап отыр. АҚШ-тың Трампқа дейінгі үш президенті де жыл сайын Рамазан айында Ақ үйде ауызашар жасауды дәстүрге айналдырған. Дональд Трамп осы дәстүрді бұзып, 2017 жылы ауызашар жасамағаны үшін сынға ілікті.
АҚШ-та 3,5 млн мұсылман бар. Ислам діні бұл елде кең таралып жатыр. 2050 жылы АҚШ-та ислам дінін қабылдағандар саны 8,1 млн адамға жетеді деп болжанды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен