Доллар бағамы төмендеп, теңге күшейе түсті
KASE-дегі таңертеңгілік сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 348,89 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алдыңғы күнгі сессияның қорытындысы бойынша 3 тамызда бір доллардың құны 349,72 теңгені құраған. Бүгінде АҚШ доллары 0,92 теңгеге төмендеп, ұлттық валюта нығая түсті.
Сессия қорытындысы бойынша ең төменгі баға 348,20 теңге болса, ең жоғарғысы 349,71 теңге болды. Ал, сауда көлемі 44,6 миллион долларға жетті.
Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 349,81 теңге, күндізгі сессияда 349,72 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 349,76 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 146,8 млн долларды құрады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"