Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Медведев Алматыда қазақша сөйледі (видео)

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын қазақ тілінен бастады. Шенеунік әріптестерін әрі қарай да қазақ тілінде жаттығуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Дмитрий Медведев

“Қайырлы кеш!” – деп бастаған Медведев әрі қарай орысша сөйледі.

“Қазақ тілінде жаттығып тұруды ұмытпау керек. Қазақстандық әріптестеріме кездесуді жақсы ұйымдастырғандары үшін алғыс айтқым келеді”, – дейді Ресей премьері.

Медведев 2018 жылды қысқаша қорытындылап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Айтуына қарағанда, Ресей Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа төрағалық еткен 2018 жылы ішкі сауда 12%-ға дерлік өскен.

“Бизнестің интеграция мүмкіншіліктерін белсендірек пайдаланғаны маңызды. Әрі қарай да сауданың мүмкіншіліктерін пайдалануымыз керек. Нарықта біздің еуразиялық одақта өндірілген тауарлар көп болуы керек. Адамдар сапалы әрі қолжетімді өнімге таңдау жасай алатындай болуы керек. Ол үшін ұлттық валюталарда өзара есеп айырысып, соны пайдалану қажет. Бұл мәселеде біз әжептеуір деңгейге жеттік”, – деді Медведев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау