Дизайнер Жадо әншілікке бет бұрып, екі бірдей клип түсірді (видео)

Дизайнер Жадо енді әнші. Осы уақытқа дейін сәнқой қыздардың көңілін тауып келген Жадыра Сахиева енді қазақ тыңдарманын таңғалдырмақ. Ол бұдан былай “Жаным” атты топта ән салады. Сахнаға ұмтылған Жадоның көксегені “хайп” па?

Жадо

Бұл сұрақтың жауабын ол Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында берді.

Бүгінде Жадо есімімен танылған сәнгер кезінде биші болған. Хореографиямен кәсіби түрде айналысып, тіпті қоюшы қызметін атқарған. Кейіннен сән әлеміне бет бұрған. Бүгінде Астанаға қоныс аударған Жадоға сән әлемі де аздық етсе керек-ті, ол енді шоу-бизнесті бағындырмақ.

“2 қыз, 2 жігіттен тұратын “Жаным” атты топ. Астанаға көшкен соң үлкен орталық аштық, сосын жанымдағы кісілер ән айтуға ұсыныс білдірді. Неге айтпасқа дедім? Бұған дейін пиар-директорым Ринат Тәттібаймен караокеде ән айтатынбыз, сол кезде дуэт жазайық деп ұсыныс тастайтынмын. Ол кісі қалай болар екен деп қорқақтайтын”, – дейді Жадо.

Жадо сахнаға қадам баспас бұрын жарты жыл дайындалғанын айтады. 6 ай кәсіби маманнан сабақ алыпты. Ондағы көксегені – вокалдық қабілетін шыңдау.

“Бүгінде менің ең бірінші сыншым директорым Ринат Тәттібай, жақсы шықты деп айтып жатыр. Бағасын халық берер”, – дейді Жадыра Сахиева.

“Жаным” тобы аз ғана уақыттың ішінде үш ән жаздырып, екі бейнебаян түсіріп үлгерген. Оның бірін жақын арада, ал екіншісін Жаңа жыл қарсаңында халыққа ұсынбақ. Шығармашылыққа білек-сыбана кіріскен Жадо бұдан бөлек, тағы да екі әннің жаздырылып жатқанын айтып қалды.

“Мен енді кәсіби әнші емеспін. Дегенмен де көрейін деп шештім. Менің ән айтқанымның өзі “хайп” деп ойлаймын, өйткені қоюшы-режиссер болдым, одан кейін дизайнер-модельер, енді мінеки әнші болмақпын”, – деп ағынан жарылды Жадо.

Әнші Жадомен бірге бүгінде “Пилот” тобының бұрынғы әншісі Игорь, “Митисы” тобының экс-мүшесі Руслан және же прима-балерина Гүлфайруз ән салады екен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар