Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Disney гей жігіт туралы балалар телехикаясын ұсынды (фото)

Disney Channel жаңа балалар телехикаясында досына ғашық болған гей жігітті көрсетті. Жаңа туынды “Энди Мак” деп аталады.

Бұл туралы theins.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Телехикая жасөспірім қыздың есейіп, ересектердің проблемасына тап болуы туралы әңгімелейді. Аталған туындының екінші маусымы 27 қазаннан бастап Sky News арнасынан көрсетілуде.

Телехикаяның жаңа маусымында Энди мен оның 13 жастағы Кир есімді досы бір жігітке ғашық болып қалады.

“Актерлер мен шоуға қатысқан барлық адамдар барынша абай болуға тырысып жатыр. Себебі жоба көрермендердің үмітін ақтап, адамдарға деген құрметті сақтап қалуы керек”, – дейді Disney өкілдері.

Шоудың жаңа бөлімінде Кир өзінің сексуалдық құмарлығымен күресуге тырысып, құрбысына өзінің гей екенін айтуға бел буады.

Айта кетейік, Кир – Disney әлеміндегі алғашқы гей-кейіпкер емес. Бұған дейін киностудия “Сұлу мен құбыжық” туындысында басты кейіпкерге ғашық болып қалатын антагонистті көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Disney Channel ұсынған “Держись, Чарли!” картинасында біржынысты ғашықтар көрсетіледі.

Талқылау