Диплом жоқ: Айсәуле Бақытбек болашақ қайын жұрты үшін оқуын жалғастырмақ
Айсәуле Бақытбек бүгінде отандық порталдардың бірінде жұмыс істейді. Баян Алагөзованың қызы жаңалықтар сайтының бренд-амбассадоры.

Әрі желіде әртүрлі тақырыпқа арналған өзекті посттарымен оқырмандардың көңілін аулаған Айсәулені көпшілік блогер ретінде біледі, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әйткенмен, шетелде білім алған Айсәуленің әлі күнге дейін дипломы жоқ. Осыдан екі жыл бұрын АҚШ-та білім алып жатқан жерінен оқуынан академиялық үзіліс алған. Оған бүкіл елді шулатқан ата-анасының оқиғасы себеп болыпты.
Бүгінде Айсәуле бұл олқылықтың орнын толтырмақ ниетте. Бірақ өз қалауымен емес.
“Диплом мен үшін бір-ақ қағаз. Диплом сенің жақсы маман болуың үшін міндетті түрде керек деп айта алмаймын. Бірақ енді әжем “құдалар диплом қайда?” деп сұрайды дейді. Әрі ата-анам үшін диплом аламын, бұл менің шешімім емес”, – деп ағынан жарылды танымал продюсердің қызы.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"