Дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы уағыз айту барысында сәләфизм мен уахабизмнің мақсаты бір екенін айтты.
Видеоны желіге Атырау облысы “Иманғали” орталық мешіті жариялады.
«Араб әлеміндегі ғұламалар кітап жазып шықты. Олар қазіргі сәләфилер – бұрынғы уахабистер екенін айтып отыр. Айтқан сөзіме жауап беремін. Өйткені әлемге уахабизм жаман атпен таралып кеткендіктен, олар аттарын өзгертіп келді. «Жоға, мен уахабис емес, сәләфитпін» дейді. Сәләфизм мен уахабизм бір нәрсе: біреуі ақ ит, біреуі қара ит. Екеуі де тістейді. Бауырлар ондай жолды тастау керек. Сен ешқашан сәләфи бола алмайсың. Ол үшін 14 ғасыр бұрын дүниеге келуің керек еді. Мысалы, қазір мына Ернар бауырымды шығарамын да, Ұлы Отан соғысының ардагері деп таныстырамын. Қабылдамайсыздар ғой? Отан соғысы деген бірден 41-45 жылдар есімізге түседі. Олардың аты алтын әріптермен жазылып, қияметке дейін тұрады осылай.