Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дінтанушы Ерсін Әміре: Арақсыз өтсе де, би болған той халалға жатпайды (видео)

Елімізге белгілі уағызшы, дінтанушы Ерсін Әміре қазіргі арақсыз өтетін тойдың бәрі бірдей халал емес деген пікір айтты. Ол тойдың толық халал өтуі үшін қандай болу керек екенін түсіндірді.

Дінтанушының айтуынша тойда музыканың болуы, бөтен ер мен әйелдің араласып билеуі дінге жат.

“Бүгінде көп адам тойды арақсыз өткізуде. Алайда жын-ойнақ би қойылып, музыка ойнатылады. Ер мен әйел араласып билейді. Бұл тұрғыдан алғанда тойды толық халал деуге келмейді. Исламда селкілдеп билейтін музыкаға рұқсат етілмейді. Егер жақсы нәрсеге тәрбиелейтін болса, ән дінді насихаттатын болса тыңдауға болады”,  – дейді Ерсін Әміре.

Айтуынша, тойға биші қыздарды шақырудың да дінге жат екенін айтты.

“Кейде той иесі биші қыздарды шақырады. Ол дұрыс емес. Той халал өтуі үшін шарғаттың талабы толық сақталуы керек. Қазіргі тойларды жартылай халал, не үштен біріне халал деуге келетін шығар”, – дейді дінтанушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау