Олар Ninety One тобының “Айыптама” бейнебаянын тілге тиек етті. Айтуларынша бейнебаяндағы безендірулер жұмбақ белгілерге толы. Бір қарағанда оған ешкімнің мән бермеуі әбден мүмкін. Бірақ, көңіл бөліп қарайтын бослақ, ол белгілердің арасынан сатанизмнің, масондардың символын байқауға болады екен.
“Барлығын көруші” (Всевидящее око) – масондық символ. Дәл осы символды бейнебаяннан бірнеше рет көруге болады.
Бұдан бөлек, әншілердің бірі қолына пирамиданың суреті салынған. Бұл белгі масондық символды аңғартады. Ал, топ әншілерінің бірінің киімінде қызыл түсті бес жұлдыз салынған. Діндарлар бұның да сатанизм сектасының белгілеріне өте ұқсас екенін айтады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ринат Зайтов пен топ продюсерінің кездескені жайлы, Ninety One тобының өздерін қызға теңейтіндерге айтқан жауабын жазған болатынбыз.