Динара Сұлтан “Маржан қыз” әнін гитарамен ерекше орындап шықты (видео)
Әнші Динара Сұлтан “Маржан қыз” әнін жанды дауыста, гитараның сүйемелдеуімен керемет орындап шықты. Желіге жүктелген видеоны тамашалаған әншінің тыңдармандары дән риза. Көпшілік Динараның ерекше бояуы бар табиғи даусын ұнатып қалғандарын жасырмай жазды.

Әнші өзінің инстаграм парақшасына ән орындаған видеосын жүктей отырып ” “Маржан қыз” әніне жасаған кавер нұсқам” деп жазған.
Көпшілік осыдан кейін әнді тыңдап, өздеріне ұнағанын жарыса жазған. Әрі әншіден алдағы уақытта гитарамен сүйемелденген әнге клип түсіруді ұсынғандар қатары көп болды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан