Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дін істері министрі «Асыл арнаны» халықтың рухани құндылығын таратушы арна деп атады

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев республикалық «Асыл арна» телеарнасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Stan.kz.

7E6A3493

Фото: Әділет Рахметолла

Нұрлан Байзақұлы телеарна орналасқан ғимаратты толық аралап көріп, шығармашалық, техникалық құраммен танысты. Осы күнге дейін атқарылған шаруаларға оң бағасын берді. Өндіріс жүйесіне қаныққан министр «Асыл арна», Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасында жасалған үш жақты меморандум негізінде елеулі жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті.

Министр елбасы Жолдауы мен мемлекеттік саясаттың насихатталуы, экстремизммен күрестегі ағартушылық шараларының арна эфирінде көрініс табуына оң бағасын берді. Сондай-ақ Нұрлан Ермекбаев «Асыл арнаның» қоғамдағы орны ерекше екенін тілге тиек етіп, алдағы уақыттары министрлік пен телеарна арасындағы байланыс бұдан кейін де нығая түсетінін жеткізді, ұжымның шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.

Талқылау