Димаштың елдегі фанаттары әншінің атынан ауыр дертке шалдыққан бүлдіршінге көмектесті

Бүгін шартарапты өнерімен сүйіндірген Димаш Құдайбергеновтің туған күні. Әншіге осыған дейін құшақ-құшақ гүл де, түрлі естеліктер де сыйланды, тіпті көктегі жұлдыздың аты да Димаш есімімен таңбаланды. Ал өткен аптада Қытайлық фанаттар Алматының қақ ортасына құттықтау билбордын іліп, тосын сыйымен көпшілікті таң қалдырған еді.

18580441_672062876314491_1807788873468608512_n

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

23 жасқа толатын жұлдызды енді Қазақстандағы фан бірлестіктер қалай құттықтайды екен? Cаф дауысты әншінің жанкүйерлері ақшаларын әдеттегіше гүлге, ойыншықтар мен тәттіге жұмсамай игілікті іске жаратуды жөн көрген.

«Сыйлықты Димаштың атынан қайырылымдылыққа негіздеуді жөн көрдік. Кішкентай балаға ота жасату үшін қаражат жинап, мейірілімділік қоғамы арқылы ата-анасына бердік. Оған Димаштың Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Канада, Франция сияқты елдердегі тыңдармандары да қолдау көрсетті», – дейді Димаш Құдайбергеновтің “Еуразиялық фан бірлестігінің” өкілі Сара Сұлтанғазина.

Осылайша Димаштың жанкүйерлері Қостанайда тұратын Серік Ақжол есімді нәрестеге ота жасауға демеу болмақ. Бүлдіршінге ретинопатия деген диагноз қойылған. Ай-күні жетілмей туған сәби фан бірлестік жинаған осы қаражаттың көмегімен анасымен бірге Ресейге барып, көзіне ота жасатуға дайындалып жатыр.

«Димаштың фан бірлестігіне, “ДОМ” қоғамына, Аружан Саин, үйлестіруші Светланаға алғыс білдіргім келеді», – дейді Серік Ақжолдың анасы Райхан Валиева.

“ДОМ” еркін мейірімділік қоғамының басшысы Аружан Саин “Сәбилерге өмір сыйла” шарасының аясында көмекке мұқтаж балаға қайырымдылық көрсетіп, сүйікті әншілерінің туған күнін дәл осылай атап өткісі келген Димаштың жанкүйерлер тобына алғас хат жолдап, бұл амалдары көпке үлгі екінін айтып отыр.

«Көп жағдайда бұл операциялар баланың өмірі үшін тым маңызды. Себебі бұл аздап болса да көру, білім алу, айналаны өз көзіңмен тану, ешкімнің көмегінсіз жүріп-тұру мүмкіндігі. Кім біледі бұл бала өскенде Димаштың жолын қуып әнші болатын шығар», – дейді “ДОМ” еркін мейірімділік қоғамының басшысы Аружан Саин.

Ал әзірше Димаштың тыңдармандары көмек қолын созып отырған Ақжол есімді сәбидің жасы екіде ғана. Фанаттар Ақжолдың еміне 350 мың теңге жинап берген.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық фанаттары Димаштың туған күніне Астананың барлық LED экрандарын жалға алды

Скрипкашы Жамилә Серкебаева тыр жалаңаш суретін жариялады (фото)

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)

Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар