Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Димаштың анасы ұлының қайтыс болғаны туралы мәлімет тарағанда қандай күйде болғанын айтты
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атағы аспандаған сайын, соңынан түрлі қауесет ере бастады. Тіпті, жақында желіде оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Артынша елді алдап, жалған ақпарат таратқан адам табылған көрінеді.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Димаштың қайтыс болғаны туралы тараған жалған ақпарат оның анасы Света Айтпаеваға ауыр тиген. Өз сөзінде әншінің анасы жалған ақпарат таратушыларға шара қолданылатынын айтты.
«Жаман қауесет, мәлімет адамның көңіліне тиеді. Бірақ біздер қазақтар кез-келген дүниеден жақсылық іздеп отырамыз ғой. Баламыздың ғұмыр-жасы ұзақ болады екен деп тілейміз. Мұндай негатив дүниені айтпау керек. Әркімнің тәрбиесі әртүрлі. Алайда барлығы да заңның аясында бақыланады. Ондай кісілерге шаралар да қолданады», – дейді Света Айтпаева.
Ал Димаштың әкесі Қанат Айтпаев ұлы туралы желіде жалған ақпарат таратқан адамды тауып алыпты. Десе де оның қандай жазаға тартылғаны туралы айтпады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі