Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашты тайваньдық әріптесі “Диконай” деп еркелетіп күлдірді (видео)

Димаш Құдайбергенов барша тыңдармандары мен әріптестеріне алғыс айтты. Бүгін ерекше видео құттықтауды бөлісіп, өзін еркелеткен өнердегі ағасы туралы айтты.

18722078_1483735851646856_8103855744199163904_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күннен бері Димаш Құдайбергеновті әлемнің түкпіріндегі жанкүйерлері мен әріптестері құттықтап жатыр. «I am singer» жобасының қатысушылары оған арнап құттықтау видео түсірген екен. Аталған видеода тайваньдық Терри Димашты «Диконай» деп еркелеткен-ді. Әнші өзін бұлай тек ата-анасының атайтынын айтып жатыр. Ол барша құттықтап, тілек білдірген жандарға алғыс білдірді.

Барша мені құттықтаған жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме тағы да алғыс білдіргім келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп жатыр. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне, Айман Қожабекқызы бастаған киелі қара шаңырағыма, Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Кролл мырза, әлемді өздеріне қаратқан Ева Лонгория, Лара Фабиан, Уолтер Афанасьиев мырзаға да мың алғыс! Мынау, менің қытайлық әріптестерім, өнердегі достарым және аға-әпкелерімнен келген видео құттықтаулар! )Терри ағамыз мені еркелетіп “Диконай” деп тұр, бұрын олай тек ата-анам еркелететін)))) Баршаңызға рахмет, мен расымен де Сіздермен бақыттымын!!! #dimashkudaibergen #DQ #TheSingerDimash #TheSinger #thankyou #Dears #dimash

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

«Барша мені құттықтаған жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме тағы да алғыс білдіргім келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп жатыр. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне, Айман Қожабекқызы бастаған киелі қара шаңырағыма, Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Кролл мырза, әлемді өздеріне қаратқан Ева Лонгория, Лара Фабиан, Уолтер Афанасьиев мырзаға да мың алғыс! Мынау, менің қытайлық әріптестерім, өнердегі достарым және аға-әпкелерімнен келген видео құттықтау! Терри ағамыз мені еркелетіп “Диконай” деп тұр. Бұрын олай тек ата-анам еркелететін. Баршаңызға рахмет! Мен, расымен де, сіздермен бақыттымын!» – дейді Димаш Құдайбергенов.


Жіберіп алмаңыз:

Жорабаева мектепке әнші емес, ана ретінде барғысы келетінін айтты

Мақпал Жүнісова қызының соңғы қоңырауында ән айтып, жұртты билетіп жіберді (видео)

Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)

Баян Мақсатқызы: Өзінде түгі жоқ адам өзгенікін тартып алуға құштар болады (фото)

Талқылау