Димаш туралы сұрақ Түркияның “Миллион кімге бұйырады” ойынына кірген (видео)
Димаш Құдайберген тыңдарманына тағы бір тың жаңалығын жеткізіп қуантты. Отандасымыз туралы сұрақ Түркияның әйгілі “Миллион кімге бұйырады?” бағдарламасына кірген, деп хабарлайды Stan.kz.
Әйгілі білімділер сайысына музыкалық сұрақ ретінде Димаштың “Любовь уставших лебедей” әні енген. Бағдарлама жүргізушісі, қазақ көрермендеріне жақсы таныс актер Мұрат Йылдырым әннің қай тілде орындалғанын сұраған. Ал шоуға қатысушы сұраққа дұрыс жауап беріп, алғашқы айналымнан сүрінбей өткен-ді.
Желі қолданушылары Димаштың кезекті жетістігіне қуанып, әннің қазақ тілінде болмағанына өкініш білдірген.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Дүкенде дөрекілік танытып, қонақүйге кіргізбеді": Қазақстандық блогер Ресей мен Беларусьтегі сапарында болған күтпеген әсерлерін айтты
Блогердің сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қарамастан жергілікті халық күнделікті күйбең тіршілігін жалғастырып жатыр

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген