Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш “Singer” финалының екінші кезеңіне өтті

Димаш Құдайберген Singer байқауы финалының екінші кезеңіне өтті. Бұл туралы қытай жанкүйерлері жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш кой баягы

Финалдың алғашқы кезеңінде Димаш итальян әншісі Адриано Челентаноның “Confessa” әнін орындаған.

Қытайлық фанаттардың айтуынша, Hunan TV арнасы бұл жолы сайыс нәтижесін (яғни кімнің нешінші орын алғанын) жарияламаған. Тек ақтық мәреде өнер көрсететін әншілерді атаған.

Айта кетейік, “Singer” байқауының жеңімпазы 15 сәуір күні тікелей эфирде анықталады. Тікелей эфирді “Хабар” арнасынан тамашалауға болады.

Ақтық мәреде қатысушылар өз елінде немесе әлемге танымал әншімен дуэт орындауы тиіс деген ақпарат бар. Тыңдармандар Димашпен бірге атақты француз әншісі Лара Фабиан ән айтуы мүмкін деп болжауда.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхаммед Әлидің қызы Димаштың жанкүйері болып шықты

Димаштың суреті Нью-Йорктегі Таймс-Скверде пайда болды

Димаш Қытайда шығатын компьютерлік ойынның кейіпкеріне айналды (фото)

Опа-далапты жарнамалаған Димаш сынға қалды (видео)

Талқылау