Димаш Құдайберген жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр
Димаш Құдайберген жайлы деректі фильмнің түсірілімі қолға алынды. Аталған картинада әншінің бұрын жарияланған түрлі бейнематериалдары көрсетілетін болады.

Бұл туралы Gakku News бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Туындының түсірілімі кезінде оның Мәскеудегі концерті таспаланып, сондағы әріптестерінен арнайы сұхбат алынған. Сондай-ақ, кадрдан Димаштың Қытайдағы әнсапарын, ол елдегі достары мен әріптестері тарапынан берген сұхбатын көре аласыздар.
Сонымен қатар, фильмге 29 маусымда елордада өтетін ән кеші де кірмек. Оның оқиға желісі осы концерт негізінде құралмақ. Ал фильмді алдағы күзде көрерменге ұсыну жоспарланып отыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген