Димаш Құдайберген Тоқаевпен және Мирзиеевпен кездесті
Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан президенттерімен кездесті. Әнші өзбекстандықтардың алдында ән айтып, олардың жүрегін баурап алды, деп жазады Stan.kz.

"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", - деді мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Димаш өзіне құрмет көрсеткен Тоқаевқа алғыс білдірді.
"Ықылас, ниетіңіз үшін, аса зор құрметіңіз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы!" - деді ол.
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан