Димаш Құдайберген The World's Best шоуында көрерменнің ең көп даусын жинаған
Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан өз еркімен кеткеніне қарамастан, көрерменнің ең көп даусын жинаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы жобаның Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.
"Сіздер дауыс беріп, сүйікті әншілеріңізді анықтадыңыздар. Құттықтаймыз", - делінген хабарламада.
You voted and your favorite act of the entire competition has been chosen. Congrats, #TWBDimash! #WorldsBest pic.twitter.com/Qa6L89dAlj
— The World's Best (@WorldsBestCBS) 14 марта 2019 г.
Айта кетейік, жеке әншілер арасында Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова мен үндістандық Лидиан Надхасварам финалға жолдама үшін таласқан еді. Алайда Димаш Құдайберген балаларға жол бергісі келетінін айтып, өз еркімен шоуға қатысудан бас тартты. Ақырында үндістандық жігіт Данэлиядан басым түсіп, жеңіске жетті.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"