Димаш Құдайберген Минскідегі тыңдармандарына тосынсый әзірлеп жатқанын айтты
Димаш Құдайберген Минскіде жаңа туындысын халыққа ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген Минскіде өтетін екінші еуропалық ойындарының ашылу салтанатында жаңа туындысының тұсауын кеседі. Бұл жайлы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Екінші еуропалық ойындардың ашылу салтанатында кездескенше. Жаңа туындының премьерасы болады", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Ашылу салтанаты маусымның 21 жұлдызында Минск қаласында өтеді. Ойында Еуропаның елуге жуық мемлекетінен 4 000 спортшы келетін болады. Олар спорттың 15 түрі бойынша бақ сынайды.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын