Димаш Құдайберген Беларусь халқының алдында анасын туған күнімен құттықтады (видео)
Витебскте өтіп жатқан "Славян базары – 2021" байқауының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Фото: Dimash News
"Естеріңізде болса, осыдан тура 6 жыл бұрын осы жерден үлкен шығармашылық өмірге жолдама алдым. Cол үшін рұқсат берсеңіздер, бір минут уақыттарыңызды алайын. Келесі әнімді орындамас бұрын, мүмкіндікті пайдала отырып, араларыңызда ата-анамның отырғанын айтқым келеді. Бүгін – менің анамның туған күні!
Светлана Ермекқызы, орныңыздан тұрыңызшы! Қандай сұлу екеніңізді бәрі көрсінші. Барлық гүлдер, әлемнің бар тамашасы сізге арналады", – деді Димаш.
Сондай-ақ Құдайбергенов анасының осыдан алты жыл бұрын дәл осы елде айтқан сөзін қайталауды өтініп, халықпен бірге өзі де ностальгияға бөленді.
"Сіздердің баршаңызға қазақ елінің атынан мың мәрте алғыс айтқым келеді", – деді Светлана Айтбаева.
Өз кезегінде Беларусь жұрты Димашты қолдап, анасына барынша қошемет көрсетті.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
