Димаш Құдайбергеннің әлем бойынша фанаттары Астананы туған күнімен құттықтады (видео)
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әлем бойынша фанаттары Астананы туған күнімен құттықтап, видеоролик түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеоны әншінің өзі Youtube-арнасында жариялады.
«Сәлем, Астана ! «Димаш АҚШ» фан-тобынан қаланың 20 жылдығына орай құттықтауды қабыл алыңыздар. Қалаларыңыз гүлдене берсін», – дейді АҚШ-тағы фанаты Алиса Келлог.
Сонымен қатар әншінің Польшадағы фанаты елордамыздың қарқынды дамып келе жатқан әдемі қала екенін айтты.
«Сіздер қаланың дамуымен ғана емес, өздеріңізден шыққан Димашпен мақтана аласыздар», – дейді польшалық Моника Василевска.
Сондай-ақ, әншінің Испания, Румыния, Түркия, Индонезия, Жапония, Якутия, Белаурсь, Болгария, Франция және басқа да мемлекеттегі фанаттары да қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты