Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әкесі “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталды

Аты әлемді шарлаған Димаш Құдайбергеннің әкесі, әнші Қанат Айтбаев мемлекеттік марапатқа ие болды. Президент күні қарсаңында Қанат Айтбаев “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

“Мені осы деңгейге жеткізген ағатайым тілді дамытуға қосқан үлесі үшін үлкен марапатқа ие болып отыр. Құттықтаймын. Менен: “Сенің еліктейтін, үлгі тұтатын адамың кім?” – деп сұраса ойланбастан ағатайымды айтамын. Бізге үлгі болып жүре беріңіз. Қазақ тілі әлемдік тіл болуы керек. Қазақ тілін біле тұра сөйлегісі келмейтін жастардың құлағына алтын сырға”, – деп жазды Димаш.

Қанат Құдайбергенұлын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтаған.

“Құрметті Қанат Құдайбергенұлы! Елімізде мемлекеттік тілдің дамуына қосып келе жатқан азаматтық үлесіңіз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін және мықты денсаулық пен бақыт тілеймін”, – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Димаштың әлемдік фанаттары Қанат Айтбаевты мемлекеттік марапатымен құттықтауға кіріскен.

Жіберіп алмаңыз:

Әнуар Нұрпейісов Назарбаев көшесі туралы әзілдеп, жұртты күлдірді (видео)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан “Нұр Отан” партиясына қабылданды

Алтынай Жорабаеваның қыздары сұлулығымен жұртты таңдай қақтырды (фото)

Димаш Құдайберген Инновация заманының лидері атанды

 

Талқылау