Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген The World’s Best байқауында Селин Дионның әнін шырқады (видео)

Димаш Құдайберген Америкада өтіп жатқан The World’s Best жобасының екінші кезеңінде өнер көрсетті. Димаш әйгілі Селин Дионның All by myself әнін тізерлеп отырып орындап, қазылар алқасын тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайберген

Димаштың өнерін қолдау үшін бұл жолы ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар АҚШ-қа аттанды. Жұлдызды жұп ұлдары өнер көрсетіп тұрған сәтте қуаныштан эмоцияларын жасыра алмады.

Ал жоба жүргізушісі мен төрешілері Димаш ән салғанда таңдай қағып, қарап тұрды.
Төрешілердің бірі Димашқа қатысты тек бір ғана айтары бар екенін мәлім етті.

“Жұлдыз туылды”, – деді Ру Полл.

Димаш пен Данэлия The World’s Best жобасының бұл кезеңінде қарсыластарымен сайысқа түсті. Димаш католик монах әйелі Кристинамен, ал Данэлия бір қолынан айырылған скрипкашы қыз Манами Итомен жарысты. “Батл” деп аталатын бұл кезеңде Димаш 94-39 есебімен басым түсті.

Ал отандастарымызға жобаның Twitter-дегі парақшасында дауыс бере аласыздар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау