Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген алғаш рет халықаралық “Жаңа толқын” байқауында өнер көрсетті (видео)

Аты әлемге танылған Димаш Құдайберген алғаш рет халықаралық “Жаңа толқын” байқауында өнер көрсетті. Димаш байқаудың алғашқы күні “А-студио” тобының шығармашылық кеші барысында ән айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Димаш Құдайберген Сочиде өткен "Жаңа толқын" байқауында өнер көрсетті (видео)

Сол күні байқау барысында танымал ресейлік жұлдыздар, сондай-ақ, қазақстандық The Jigits тобы мен рэпер Jah Khalib өнер көрсетті.

Димаш “А-студио” тобының “Грешная страсть” әнін орыс тілінде орындап шықты. Көрермендер Құдайбергеновтің өнерін жоғары бағалап, ду қол қошеметпен шығарып салды.

Димаш болса барлық жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, Қазақстанға шақырды.

“Новая волна” байқауының қонағы болып, Ресейге табан тіредік. Байқау басталды. Енді байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетемін. Барша көрермендерге үлкен рахмет. Сочиге келгелі әуежайда тамаша концерт қойып, дәм-тұзбен күтіп алған көрермендерімнен айналдым. Құрметтеріңізге үлкен алғыс”, – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау