Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген өмірдегі жалғыз досы жайлы айтты

Димаш Құдайберген өмірдегі жалғыз досы жайлы айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Әнші бір кездері кей адамдарды қателікпен дос деп санап келгенін жасырмады.

Димаш Құдайберген өмірдегі жалғыз досы жайлы айтты

“Қазіргі заманда шынайы дос табу қиынның қиыны. Өмір сүре келе көп нәрсеге көзің ашылатыны тағы бар. Кейбір адамдарды қателесіп дос деп қабылдасақ та, өмір бәрін өз орнына қояды екен. Ерлан Бекчурин ағамызды санамағанда, қазір жалғыз ғана досым – Айсұлтан екеуміздің 9 жыл бұрынғы фотоларымыз. Бауырым аман бол. Талай армандарымызға қол жеткізіп жүре берейік. 100 досын болғанша 1 нағыз досың болсын”, – деп бөлісті Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Көпшілік Құдайбергеновтің бұл жазбасын оқып, алаңдап қалды. Жанкүйерлер әсіресе, Қытайдағы жоба кезінде Димаштың жанынан бір елі алыстамаған Алпамыс Шәрімов жайлы сұрай бастады.

“Алпамыс ше?” “Ол да сіздің досыңыз еді ғой”, – деп алаңдаушылық білдірді желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау