Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі

Димаш Құдайберген MTV Music awards жүлдесін алды.

oblaka-770x439_c

Бұл туралы әншінің менеджері Алпамыс Шаримов Инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

«Екінші күн қатарынан үлкен марапат! Әлемдегі ең үлкен марапаттардың алды болып табылатын MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласының еншісінде! Бұл тариx! Құтты болсын, жан досым!!!» – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Алпамыс БАҚ өкілдеріне Димаштың Гуанчжоуда өтетін MTV Music Awards Asia шарасына қатысатынын хабарлаған болатын. Қазақстандық әнші онда «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» аталымына үміткер ретінде қатысатынын мәлім еткен. Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Димаш Құдайберген Қытайда Asian Music GaLa марапаттау кешінде “Ең танымал шет елдің әншісі” номинациясының иегері атанған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)

Асхаттың қызы: Әкемнің үйленуіне жылап-жылап алып, келісім беруге мәжбүр болдым (фото,видео)

Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді

Талқылау