Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен бірігіп клип түсірмек

Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен бірігіп клип түсірмек. Бұл туралы отандасымыз орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен бірігіп клип түсірмек

“Әншінің өмірінде талантты композиторлардың орны үлкен. Шығармашылық жолымда кереметтей сазгерлерді кездестіріп, жолым болды. Қазіргі таңда ресейлік композитор Игорь Крутоймен шығармашылық байланыстамын. Екеуміз керемет үйлесімділік тапқандаймыз. Бұл талантты сазгердің кәсібилігі жайлы шексіз айта беруге болады. Игорь Крутой – Лучано Паваротти, Андреа Бочелли, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский, Суми Джо және тағы да басқа әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеп жүрген сазгер. Менің репертуарыма да Игорь Крутойдың бірнеше шығармасы қосылады”, – дейді Димаш.

Сондай-ақ, Димаш “Титаник” кинофильмінің саундтрегін жазған әйгілі композитор, “Грэмми” сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьеффпен тығыз байланыста екенін атап өтті. Сондай-ақ, Игорь Крутоймен бірігіп орындаған әніне бейнебаян түсірейін деп жатқанын айтты.

«Қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Алдағы мақсаттарды жайып салғанды жөн көрмейміз. Дегенмен айтып өтейін, Игорь ағамыз екеуміз айтып жүрген «Қалжыраған аққулардың сезімі» деген әнге бейнебаян түсіргелі жатырмыз. Одан кейін Америкадағы композиторлардан келген тамаша әндерге бейнебаян түсіргелі отырмыз», – деді Димаш Орталық коммуникациялар қызметінінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Димаш 22 наурыз күні Мәскеу қаласында концерт беруге дайындалып жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау