Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Астана сахнасында қарындасымен бірге өнер көрсетті (видео)

Димаш Құдайберген соңғы жылдары шетелдерде жиі өнер көрсетеді. Алайда ол Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Астанаға келіп, қарындасы Раушанмен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Раушан Құдайбергеновтер

Димаш пен қарындасы Раушан көпшілік алдына Селин Дионның «All By Myself» әнін орындап шықты.

Айта кетсек, аталған кешті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.

Өз кезегінде әнші қарындасы Раушанның алғаш рет сахнаға шыққанын атап өтті.

«Мен Қазақстандамын. Туған жеріме, еліме, Астанама келдім. Арнайы мерекелік шараға ат басын бұрып, Елбасымыз бен жерлестерімнің алдында өнер көрсету бақытына бөлендім. Бұл жолы қазақ еліне ыстық ықыласын білдіру үшін туған қарындасым Раушантай ең алғаш рет сахнаға шықты. Болашақта қандай мамандықты таңдасаң да, ең бастысы халқыңа қалаулы, еліңе елеулi бол, ботақаным!» – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.

 

Мен, Қазақстандамын!Туған жеріме,еліме,Астанама келдім! Арнайы мерекелік шараға ат басын бұрып ,Елбасымыз бен жерлестерімнің алдында өнер көрсету бақытына бөлендім.Бұл жолы қазақ еліне ыстық ықыласын білдіру үшін туған қарындасым – Раушантай ең алғашқы рет сахнаға шықты. Болашақта қандай мамандықты таңдасаң да, ең бастысы халқына қалаулы, еліңе елеулi бол ,ботақаным! @raushan_kudaibergen

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Оқи отырыңыз:

Нұржан Төлендиев мүгедек баланың тойын тегін жүргізіп беруге уәде етті (видео) 

Димаш қазақ сахнасына туған қарындасын алып шықты (видео)

Атышулы Замира бағдарламаға келген жігіттің басынан бір тепті (видео)

Нью-Йоркте орысша сөз бастаған Данияр Елеусіновтен қазақша сөйлеуін өтінді (видео)

Талқылау