Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш халықаралық деңгейде бірнеше концерт бермек (видео)

Күні кеше Азияның ең танымал әншісі атанған Димаш Құдайберген халықаралық деңгейде бірнеше концерт бермек. Бұл туралы ол Қытай журналистеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

dimash koncert beredi

«Барлық әншілер үлкен шығармылық кеш беруді армандайды. Солардың қатарында мен де бармын. Сол себептен осы биыл халықаралық деңгейде бірнеше мәрте концерт бергім келеді. Бірнеше қалаларды, елдерді аралап, көрермендерді қуантқым келеді. Келіңіздер, күтетін боламын сіздерді. Концерттің тойы алыс емес. Жақында болады бұйырса», – деп ағынан жарылды Димаш.

Әңгіме барысында Димаш Singer жобасының жеңімпазы атануды армандайтынын, алайда бас жүлдені ала алмаған жағдайда еш ренжімейтінін тілге тиек етті.

«Армансыз адам, ормансыз бұлбұл» деген сөз бар қазақта. Армандамаймын десем өтірік болар. Бірақ бас жүлде алмасам да ренжімеймін. Себебі мен қазірдің өзінде жеңімпазбын. Мені жеңімпаз қылып отырған әлем бойынша мені қолдап отырған, Қытайда аяғымды жерге тигізбей жүрген көрермендерім. Сол себептен өте қатты қуаныштымын», – дейді Димаш.

Жіберіп алмаңыз:

Жан Ахмадиев: “Темір қатын” туындысын шоу-бизнестегі тәрбиесіз әйелдерге арнаймын

Бүркіт әкесінің 80 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Димаш Құдайбергенов Азияның ең танымал әншісі атағын иеленді (фото, видео)

Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім

Талқылау