Димаш Әділет: Бір уақытта бірнеше қызбен кездескенде тұрған ештеңе жоқ

Желідегі белсенділігінің арқасында танылған Димаш Әділет бірнеше қызбен қатар кездесуді қалыпты нәрсе санайтынын айтты. Жас жігіттің айтуынша, бойдақ кезде әртүрлі қыздармен “жүргенде” тұрған ештеңе жоқ. Десе де, сүйіктімді кездестірген жағдайда оның көзіне шөп салмаймын, дейді қазақстандық арулардың арманына айналған Димаш.

Димаш Әділет

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Басым бос болғандықтан, әртүрлі қыздармен кездескенде ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бұл қалыпты жағдай, осылайша біз тәжірибе жинап, нәзік жандылардың болмысын түсіне аламыз. Сондай-ақ, бұл болашақта дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі. Бірақ жеке басым біреуді қатты ұнатсам, басқасын ойлай алмаймын. Ешқашан сүйген қызымның көзіне шөп салған емеспін. Жалпы ешқандай қарым-қатынаста опасыздыққа орын жоқ деп ойлаймын”, – деп түсіндірді ол.

11 жасынан бастап шетелде білім алған Димаш қызды ұлтына қарап таңдамайтынын атап өтті. Айтуынша, ол үшін маңыздысы – қызбен эмоционалдық және физикалық тұрғыдан түсінісу.

“Мен Швейцария мен Америкада оқыдым. Швейцариядағы интернат-мектепке барғанда жасым 11-де болатын.

Ағылшынша, орысша, французша білемін. Негізгі тілім – ағылшын. Себебі бала күнімнен ағылшын тілінде білім алып, барлық академиялық жұмыстарымды осы тілде жаздым. Сондай-ақ, қазақ, испан және қытай тілдерін меңгерсем деген жоспарым бар”, – дейді Димаш.

Бұдан өзге, сымбатты жігіт соңғы рет “ресми” қарым-қатынаста осыдан үш жыл бұрын болғанын атап өтті.

Димаш Әділет – танымал желі жұлдызы, Instagram-дағы белсенділігінің арқасында танылған. Ол – танымал әрі бақуатты жастардың өкілі. Қазақстандық арулар мен модельдік агенттіктерге Димаштың сыртқы келбеті ерекше ұнайды. Десе де, Димаштың өзі ер адам үшін сыртқы келбет соңғы орында тұруы тиіс, деген пікірде.

“Ер адам бірінші кезекте білімді, адал, өзіне-өзі сенімді, жомарт әрі зиялы болуы керек. Тек содан кейін барып қана сыртқы келбетін ойлауы тиіс”, – деп түсіндірді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға тыйым салынады!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар