Қазақстанда ғана емес, шетелде де сатылады: Димаш Құдайберген киім топтамасын шығара бастады
Танымал әнші Димаш Құдайберген енді бизнеспен айналыспақ. Өз атынан шай шығарып үлгерген әнші «Димаш» атты интернет-дүкен ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған интернет дүкен киім сатады. Ал киімдерді «Қазпошта» АҚ тасымалдайтын болады. Әншінің әкесі Қанат Айтбаев пен аталған пошта серіктестік туралы келісімге қол қойды.
«Біз «Димаш» атты интернет дүкеннің жұмысын ілгерілетіп, тауарларды тапсырыс берушілерге жеткізіп береміз. Қазір олар киім топтамасы мен шай шығара бастады. Алдағы уақытта аталған дүкенде Димаштың шығармашылығына арналған кәдесыйлар да сатылатын болады. Димаш Құдайберген – әлемдік деңгейдегі жұлдыз ғана емес, бренд», - дейді басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.
Әрі қарай ол бұл бастаманың Қазақстанда электрондық сауданың дамуына үлес қосатынына тоқталды.
Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген өткен жылдан бері «Қазпошта» АҚ-ның келбеті болып саналады.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге